11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан алдын алу шаралары» туралы онлайн брифинг өтеді.
Спикер: Астана қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Сарқыт Бейсенова.
Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі онлайн-көрсетілім форматында апталық брифинг өткізеді.
Брифинг тақырыбы: «Автокөліктерді уақытша тіркеу туралы».
Спикер: ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Алтынбек Жамалиев.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі ұсынылады.