ЕСІМДЕР
Нұрмұхаммат ӘБИДОВ, Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы
1964 жылы Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз қаласы) туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, құқықтану (1989).
Еңбек жолы: 1981-1982 жылдары Жамбыл қаласындағы тері комбинатының жұмысшысы болды. 1989-1996 жылдары Жамбыл облысы прокуратурасында әртүрлі лауазымдарды атқарды. 1996-2009 жылдары Жамбыл облыстық сотының судьясы, 2009 жылы Тараз қалалық № 2 сотының төрағасы болып қызмет етті. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымын атқарған.
2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
Құмар АҚСАҚАЛОВ, Қостанай облысының әкімі
1965 жылы Қостанай облысында туған. 1987 жылы В. П. Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1987-1989 жылдары Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды. 1989-1991 жылдары Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы, 1991-1992 жылдары Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi, 1992-1993 жылдары Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры, 1993-1996 жылдары Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары, 1996-1998 жылдары Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi. 1998-2002 жылдары Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi, 2002-2004 жылдары Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi, 2004-2006 жылдары ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы, 2006-2010 жылдары Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары, 2010-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы, 2015-2017 жылдары ҚР Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, 2017-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып қызмет етті.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2011).
Сатыбалды БҰРШАҚОВ, Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
1968 жылы туған. 1993 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген. Пәкістан Ислам Республикасында Шетелдік қызмет академиясында (1994) және Нидерланды Корольдігінде «Клингендаль» Халықаралық қатынастар институтында (1995) тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 1993 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінің оқытушысы болып бастаған. 1993-1995 жылдары ҚР СІМ Еуропа елдері басқармасының атташесі, референті, 1995-2000 жылдары Венгрия Республикасындағы ҚР Елшілігінде атташе, үшінші, екінші хатшы, 2000-2002 жылдары ҚР СІМ екіжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Еуропа және Америка департаментінде бөлім бастығы, 2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесшісі, бірінші хатшысы, 2007-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, 2011-2012 жылдары ҚР Парламент Мәжілісі Аппаратының халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі, 2012-2017 жылдары ЮНЕСКО жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің орынбасары (Франция), 2018-2019 жылдары ҚР сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары. 2019 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының басшысы, Сыртқы саясат және халықаралық байланыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2024 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын алған.
Марат ШОРАНОВ, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Басқарма төрағасы — ректоры
1975 жылы Алматы қаласында туған. Академик Б. У. Жарбосынов атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Урология ғылыми орталығының аспирантурасын бітірді. Rollins School of Public Health (Emory University) магистрі, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, медицина ғылымдарының кандидаты.
Академик Б. У. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында (Алматы), радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ (Семей), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеді. 2008-2009 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры (Алматы), 2009-2011 жылдары Emory университетінің Клиника жобалары бойынша менеджері (Emory University, Rollins School of Public Health, Атланта, АҚШ), 2012 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК экологиялық зерттеулер орталығының басшысы (Астана қаласы), 2012-2013 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК бас директорының медициналық ғылым және білім жөніндегі орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры, 2014-2015 жылдары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры, 2015 жылы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ трансформация департаментінің директоры, 2016-2017 жылдары «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарушы директоры, 2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2020-2022 жылдары ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі лауазымын атқарған.
2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
Дәулет МӘМЕКОВ, Азаматтық авиация академиясының Басқарма төрағасы — ректоры
1976 жылы Алматыда туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2012 жылы Азаматтық авиация академиясын бітірген.
«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ экономика және даму жөніндегі вице-президенті, «Airport Management Group» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасарын, «Еуро-Азия Эйр» АҚ президенті, «Aviation Support» ЖШС негізін қалаушы және бірінші директоры, «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін атқаруға 2026 жылдың мамыр айында кірісті.
Рауан ЖҰМАБЕК, Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі
1981 жылы Алматы қаласында туған. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген (2003).
Еңбек жолы: 2004-2005 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің референті, атташесі, 2005-2009 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы, 2009-2011 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің бірінші хатшысы, 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, 2014-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының инспекторы, сектор меңгерушісі, 2019-2024 жылдары Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулы, 2024-2025 жылдары ҚР СІМ Таяу, Таяу Шығыс және Африка департаментінің директоры лауазымын атқарған.
2025 жылдың мамыр айынан бері қазіргі қызметінде.