9.00-де Махамбет Өтемісов атындағы оқушылар сарайында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» Республикалық жас педагогтар форумы өтеді.
11.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, кәсіпкер, меценат Акбаржан Исмаилов әлеуметтік қолдауға мұқтаж көпбалалы отбасының елордалық 100 балаға өз қаражаты есебінен 6 000 000 теңге көмегін табыстайды.
11.00-де National Press Club-та «Қайтыс болған мектеп оқушысы Адель Ақанованың анасы қызының қайтыс болу жағдайларының жаңадан тергелуін талап етеді» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
12.00-де елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы көші-қон процестері туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
14.30-да Назарбаев университетінде тұңғыш рет Жоғары білім және ғылым форумы өтеді. Форумның тақырыбы елдің экономикалық өсуінің негізі ретінде адами капиталды дамытуға арналады.
14.30-да «Жастар» сарайында Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастырады.