ЕСІМДЕР
Қостанай облысында туған. Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. «Жазушы Айымбетовтің портреті», «Қолшатыр астындағы екеу», «Қобызда ойнап отырған қыз» тағы басқа туындылардың авторы.
Ақмола облысы Атбасар қаласында туған. Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасын бітірген.
1971-1972 жылдары - Целиноград қалалық орталықтандырылған кітапханасының кітапханашысы. 1972-1980 жылдары - орта мектептің шет тілі пәнінің мұғалімі, Целиноград педагогикалық институтында педагогикалық тәжірибе меңгерушісі. 1980-1983 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспиранты. 1984-1994 жылдары - Целиноград педагогикалық институтының оқытушысы, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, шет тілдері факультетінің деканы, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, аға ғылыми қызметкері. 1994-1995 жылдары - Ақмола мемлекеттік университетінің доценті, Л. Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. 1995-2005 жылдары - Ақмола облыстық білім беру басқармасының бастығы. 2005-2010 жылдары - Ақмола облыстық білім беру департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалар құқығы жөніндегі комитетінің адамның адамгершілік-рухани дамуы басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Балалар қоғамдық бірлестігінің президенті, «Жұлдыз» балаларды әлеуметтік жағынан ынталандыру қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы. 2010 жылдан «Жұлдыз» қоғамдық балалар бірлестігі одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті. «ЖасStar», «Ребёнок и право» республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарының бас редакторы, Мәскеу қаласындағы Халықаралық балалардың қоғамдық қозғалысын зерттеу қауымдастығының мүшесі, Қазақстанның Балалар ұйымдары одағының эксперттік кеңесінің мүшесі. «Құрмет» орденімен, «Астанаға - 10 жыл», «Ыбырай Алтынсарин» медальдарымен марапатталған.
Көкшетау қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан және онымен шектес Еуразия аумағындағы халықтардың ұлыстық тарихы, Еуразия халықтарының этномәдени өзара ықпал етуі, Еуразия халықтарының этнопсихологиясы бағыттарындағы ғылыми зерттеулермен айналысады. «Қазақстанның мәдени мұрасы» бағдарламасы бойынша РФ орталық мұрағаттарынан материалдар жинап, қорытуға қатысады. «Еуразияшылдық - Қазақстанның және шекаралас елдердің жаһандану жағдайындағы дамуының негізі: тарихи-этнографиялық және теориялық қырлары» (2004-2006 жж.) халықаралық жобасының жетекшісі. 60-тан астам ғылыми жұмыстары жарияланған.
«Қазнеттің» үлкен энциклопедиясы» сайтының әкімшісі, «Қазақстанның интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры.
Ол 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1987-1989 жж. - Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды. 1989-1991 ж.ж. - Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы. 1991-1992 жж. - Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi. 1992-1993 жж. - Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры. 1993-1996 жж. - Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары. 1996-1998 жж. - Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi. 1998-2002 жж. - Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi. 2002-2004 жж. - Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi. 2004-2006 жж. - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы. 2006-2010 жж. - Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары. 2010-2015 жж. - «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы. 2015-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары.
2017 жылғы наурыздан бері қазіргі қызметінде.
Ол 1999 жылы О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тәмамдаған, мамандығы бойынша экономист. «Жәйрем ТБК» АҚ-да түрлі қызметтер атқарған.
2001-2005 жылдар аралығында құрылтайшысы «Өркен» ЖШС-де басшылық қызметтерді атқарып келді. 2010 жылдың тамыз айынан бастап мемлекеттік қызметте. Қаражал қаласының әкімі, облыс әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеген, содан кейін өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарды. 2013 жылдың желтоқсан айынан Қарағанды облысы әкімінің аппарат басшысы болған. 2013-2015 жылдары Қарағанды облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2015 жылдың тамыз айынан бері.