Ақмола және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысында түнде және күндіз қатты жел тұрады. Желдің қарқыны секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Бұршақ күтіледі.
Ақтөбе, Павлодар облыстарында және күндіз Жамбыл облысының кей аймақтарында екпіні 15-20 м/с болатын қатты жел тұрады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде де күндіз жел күшейіп, 15-20 м/с құрайды. Шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей аймақтарында төтенше өрт қаупі сақталады.