24 тамызда Қазақстанның кей облыстарында шаңды дауыл көтеріледі
Қазақстанның солтүстік жартысында түнде және тәңертең тұман түсуі ықтимал. Оңтүстіктің кей жерлерінде шаң көтеріліп, жел 15-20 м/с күшейеді,
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.
Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.