НҰР-СҰЛТАН
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Денсаулық сақтау министрлігінің өзекті мәселелері: COVID-19 және балалар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрайымы, педиатр, медицина ғылымдарының докторы Риза Боранбаева.
АЛМАТЫ
15.00-де Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің «2020-2021 оқу жылының басталуына білім беру ұйымдарының дайындық деңгейі туралы» отырысы өтеді. Спикерлер: Рахман Алшанов – Қоғамдық кеңес төрағасы.