24 жастағы ҚАЖ қызметкері Үндістандағы кикбоксингтен Азия чемпионатына қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін үндістандық Пуна қаласында WAKO нұсқасы бойынша кикбоксингтен Азия чемпионаты басталады. Оған Қазақстан қатысады.

Кикбоксингтен Қазақстан командасының құрамында 90 келіден астам салмақ дәрежесінде ЛА-155/6 мекемесінің қызметкері, спорт шебері Айдын Әбдірахманов қатысады, деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің баспасөз қызметінде.

4 және 8 тамыз аралығында өтетін Азия чемпионатына Қазақстаннан басқа Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан, Непал, Кувейт, Корея, Үндістан, Сирия кикбоксшылары қатысады.

24 жастағы әділет лейтенанты А. Әбдірахманов 2015 жылдың маусымында кикбоксингтен ҚР чемпионатында өз салмақ дәрежесінде чемпион титулына қол жеткізді.