10.00-де Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, профессор, экономика ғылымдарының докторы Сайлау Батыршаұлының 80 жасқа толуына арналған «Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаудағы дипломатияның рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
10.30-да ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Түркі халықтары әдебиетінің классиктері, данышпан шайырлар Низами Ганжауидің 880 жылдық, Әлішер Науаидың туғанына 580 жылдығы, Юнус Эмренің дүниеден өткеніне 700 жыл толуына орай «Шығыстың шоқжұлдыздары» жиыны өтеді.
11.00-де әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ҚР Президентінің атынан жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға және оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балаларға жаңажылдық сыйлықты арнайы табыстау мақсатында экспресс-эстафета басталады.
16.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Сот сараптамасы институтының жаңа ғимаратына баспасөз туры өтеді.
19.00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Джакомо Пуччинидің «Париж богемасы» операсы қойылады.