24 желтоқсаннан бастап «Алматы-1-Талдықорған» жолаушылар пойызы қатынайтын болады

None
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қала маңы тасымалы» АҚ жолаушылардың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында 24 желтоқсанда Алматы-1-Талдықорған аралығында қатынайтын №632/631 жолаушылар пойызын іске қоспақ.

Пойыз Алматы-1-ден жұп күндері сағат 21:48-де жөнелтіліп, Талдықорғанға тақ күндері сағат 06:43-те келетін болады. Жолда жүру уақыты 8 сағат 55 минутты құрайды.

Талдықорғаннан тақ күндері сағат 21:15-те жөнелтіліп, Алматы-1-ге жұп күндері сағат 06:24-те келеді. Жолда жүру уақыты 9 сағат 09 минутты құрайды.

Пойыз құрамында 3 вагон: купе, плацкарт және жалпы санаттағы вагон бар. Пойыз жолда Жетіген, Қапшағай, Сайлы, Балғалы, Сарыөзек, Майтөбе, Тауарасы, Көпір, Көксу, Тентек станцияларына тоқтайды.

«Алматы-1-Талдықорған» бағыты бойынша жол ақысы купелік вагонда 2082 теңге, плацкарт вагонда 1369 теңге, жалпы вагонда 762 теңгені құрайды.