АСТАНА. KAZINFORM — Ел астанасында соңғы күндері аяз күшейіп, бірінші ауысымда оқитын оқушылар онлайн форматта білім алып жүр, деп хабарлайды елордалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
— 2026 жылғы 25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Осыған дейін 24 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған едік.
Айнұр Тумакбаева
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі. 2024 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.