Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, тунде Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с-ға жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жыллдамдығы 15-20 м/с болады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысында көктайғақ күтіледі.