25 қаңтар СЕНБІ
Әскери-теңіз флоты штурманы күні. 1997 жылдың қаңтардың 25-інде Ресей флоты штурман қызметiнiң негiзделген күнiне орай атап өтедi.
Студенттер күні (Татьяна күні). Дәл Татьяна күні, 1755 жылы қаңтардың 12-інде Елизавета Петровна патшайым «Мәскеу университетін құру туралы» жарлыққа қол қойды. Қаңтардың 25-і ресми түрде университет күні болды. Содан бастап әулие Татьяна студенттердің қамқоршысы болып саналады. «Татьяна» есімі грек тілінен аударғанда «жасаушы» деген мағынаны білдіреді.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
4 8 жыл бұрын (1966) Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы ашылды. Филармонияның құрамына «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке» халық биі ансамблі, жастар ансамблі және басқа да ансамбльдер кіреді.
2 2 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Экономиканың тұрақтануы мен нарықтық қайта құрылу мерзіміне Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру туралы» Жарлыққа қол қойды.
2 2 жыл бұрын (1992) Алматыда Қазақстан Республикасы мен Франция арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.
9 жыл бұрын (2005) ҚР Ғарыштық қызметті дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
8 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 1998 жылғы шілденің 6-сындағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі табанының ара-жігін ажырату туралы Келісімнің хаттамасына өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі Қазақстан-Ресей кездесуі нәтижесінде атом қуатын бейбіт мақсатқа қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы екі ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды.
8 жыл бұрын (2006) Еуразия мәдениет қоры «Ұлт игілігі» сыйлығын тағайындады. Ол мемлекет, қоғам, дін, ғылым, экономика, әдебиет, өнер, ағарту және спорт саласы қайраткерлеріне беріледі. «Ұлт игілігі» Қазақстанның мемлекеттілігін, экономикасын, ғылымы мен мәдениетін дамытуға сүбелі үлес қосқан, қызметі өз Отанымен қатар халықаралық қауымдастық арасында да танымал болған республика азаматтарына беріледі. «Ұлт игілігі» сыйлығының лауреатына ең жоғарғы награда «Алтын пайза» белгісі мен 1 миллион теңге тағайындалған. Кейбір жағдайларда «Алтын пайза» белгісімен басқа мемлекеттердің өкілдері де марапатталуы мүмкін. Бұл кезде оларға награда («Алтын пайза» белгісі) ғана беріліп, «Ұлт игілігі» сыйлығы мен ақшалай қаржы төленбейді.
6 жыл бұрын (2008) Бүкіләлемдік кедендік ұйымның бас хатшысы Мишель Дане халықаралық кеден бiрлестiгiнiң қызметiне, Қазақстанмен өзара бірлестігін дамыту және күшейтуге қосқан үлкен үлесі үшін 2-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Марапаттау рәсімі Брюссельде, Бүкіләлемдік кеден ұйымының штаб-пәтерінде Халықаралық кеден күнін тойлау шеңберінде өтті. Мерекелік шарада Бүкіләлемдік кедендік ұйымның хатшы қызметкерлері, Брюссельде тіркелген дипломатиялық корпустың және халықаралық ұйымдардың кеден әкімшілігінің өкілдері қатысты.
6 жыл бұрын (2008) Алматыда белгілі қоғам қайраткері Дәмеш Бейсенқызына ескерткіш тақта орнатылды. Дәмеш Бейсенқызы (1921-2004) халық үшін аянбай қызмет еткен қазақтың аяулы қыздарының бірі.
Дәмеш Бейсенқызы Қарағандыда туып, осында педагогикалық институтты бітірген, партия-кеңес қызметтерінде болған. Ол көп жыл бойы Қазақ ССР Сауда министрінің орынбасары қызметін атқарған.
6 жыл бұрын (2008) Ақмолалық оқырмандар жерлес жазушы, Жамбыл атындағы халықаралық және Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты Жабал Ерғалиевтың «Бұлтты түнгі толған ай» атты жаңа шығармалар жинағымен қауышты.
Алматыдағы «Ұмай» баспасынан «Отырар кітапханасы» топтамасымен шыққан кітапқа қаламгердің соңғы кезде жазған «Соңғы тұяқ» хикаясы, «Бұлтты түнгі толған ай», «Құлпытастың көз жасы» драмаларымен бірге бір топ әңгімелері енгізілген. Кітап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің бағдарламасы бойынша шығарылып отыр. Бұл журналист-жазушының бесінші кітабы. Бұған дейін Алматының «Құс жолы», «Әл Фараби» және Көкшетаудағы «Көкше-полиграфия» баспаларынан әңгімелер, очерктер, повестер жинағы жарық көрген болатын.
6 жыл бұрын (2008) Қызылорда облысы Шиелі кентінің орталығында халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты аудан халқына есік ашты.
Орталықта халыққа 15 терезе қызмет көрсетеді. Орталықтың жаңа да сәнді ғимаратын осындағы «Өндірісқұрылыссервиз Е» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сапалы әрі жылы етіп, алдын ала жоспарланған мерзімде салып бітірді.
1 жыл бұрын (2013) Қарағанды облысының әскери қалашығында орналасқан «Балапан» балабақшасы бір жылдығын тойлады.
1 жыл бұрын (2013) Таразда «Құрылыс полимер» ЖШС полимерден жасалатын құрылыс материалдарын өндіру зауыты ашылды.
460 жыл бұрын (1554) Бразилияның оңтүстік-шығысында Сан-Паулу қаласы қаланды.
99 жыл бұрын (1915) өнертапқыш Александр Белл алғаш рет телефон байланысының трансамерикалық сеансын өткізді (Нью-Йорк - Сан-Франциско).
90 жыл бұрын (1924) Францияның Шамони қаласында алғашқы қысқы олимпиада ойындары басталды. Оған 18 елдің спортшылары қатысты. Қысқы олимпиаданы өткізу идеясы үлкен кедергілермен жүзеге асты. Халықаралық олимпиада комитеті аталмыш спорттық шараны Олимпиада ойындары деп аталу құқығын бермесе, скандинавиялықтар өздерінің Солтүстік ойындарының басты қарсыласы ретінде қарсы болды. Бір қызығы осы ойындар барысында награданың көбін скандинавиялықтар ұтып алған.
65 жыл бұрын (1949) алғаш рет американдық «Эмми» телевизиялық сыйлығы ұсынылды.
ЕСІМДЕР
6 6 жыл бұрын (1948) техника ғылымының докторы, профессор, ҚР Инженерлік академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі ЫСҚАҚОВ Тұрлыбек Өтешұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ химия-технология институтын бітірген. 1983-1988 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты Қызылорда филиалының оқытушысы, деканы. 1991-1998 жылдары - «Кристалл» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, 1998-2001 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық индустрия және энергетика департаментінің бастығы. 2001 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қоғамдық-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры қызметін атқарған.
6 3 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі ПЕТРОВ Валерий Викторович дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ политехника институтын (Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1978-1979 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Сейсмология институтының инженері. 1979-1990 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Іс басқармасы ақпарат және байланыс пунктінің аға инженері, бастығы, 2-ші бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1991-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті бөлімінің меңгерушісі, басқармасының бастығы, департаментінің директоры. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Жедел іс-қимыл департаментінің директоры, комитет төрағасының орынбасары. 1999-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2004 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
61 год назад (1952) Алматы облысы әкімінің орынбасары ДОСЫМБЕКОВ Тынышбай Досымбекұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Алматы зооветеринариялық институтын зооинженер мамандығы бойынша иәмамдады. Еңбек жолын 1972 жылы шопырлықтан бастаған. Кейін саясатқа араласа бастаған. Қазіргі қызметіне 2008 жылдың қаңтарынан тағайындалған.
63 жыл бұрын (1951) ҚР Жоғарғы сотының судьясы МАМОНТОВ Николай Иванович дүниеге келді.
Кемеров облысында (РСФСР) туған. Томск мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
1967 жылдан - «Кузбассэлемент» зауытының слесары. 1978 жылдан - әскери бөлім прокурорының орынбасары. 1978-1983 жылдары - Жезқазған облыстық адвокаттар алқасында адвокат, алқа мүшесі. 1983-1987 жылдары - Қаражал қалалық сотының судьясы. 1987-1988 жылдары - Никольск қалалық сотының төрағасы. 1989-1990 жылдары - Ақтөбе облыстық атқару комитеті әділет басқармасының бастығы. 1990-1996 жылдары - Торғай облыстық соты төрағасының орынбасары, азаматтық істер бойынша алқа төрағасы. 1996-1998 жылдары - Ақмола облысы прокурорының орынбасары. 1998-1999 жылдары - Астана қаласы прокурорының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 1999 жылғы сәуірден бері.
«Құрмет» (2008) орденімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
Награжден орденом «Құрмет» (2008); юбилейными медалями «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы».
51 жыл бұрын (1963) ҚР Жоғарғы сотының судьясы Қ АЙЫПЖАН Н ұ ржан Үсіпханұлы дүниеге келді.
Шымкент облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
1986-1989 жылдары - Шымкент облысы Түркістан қаласы прокуратурасында аға тергеушінің міндетін атқарушы, аға тергеуші. Шымкент облысы Шардара ауданы прокуратурасының аға тергеушісі. 1991-1996 жылдары - Шымкент облысы Түлкібас ауданы прокуратурасының тергеушісі, прокурордың орынбасары. 1996-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. 2002-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2008-2010 жылдары - Алматы облыстық сотының азаматтық істер алқасының төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы ақпаннан бері.
52 жыл бұрын (1962) «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары ЖӘКИЕВ Әнуарбек Сабанбайұлы дүниеге келді.
Атырау қаласында туған. И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кеніштерін игеру» мамандығы бойынша тәмамдады. 1984-1993 жылдарда «Құлсарымұнай», «Ембімұнай», «Теңізмұнайаз» кәсіпорындарында оператор, технолог, инженер-технолог, цех бастығының орынбасары, жетекші инженер сияқты қызметтер атқарды. Ол 1993-1999 жылдар аралығында «Теңізшевройл» ЖШС-де кәсіпшілік учаскесінің басшысы болып жұмыс жасады. 1999-2001 жылдары ШевронТексако кәсіпорны мекемелерінің бірі - Картер Крик газ өңдеу зауытында (Эванстон қаласы, Вайоминг штаты, АҚШ) зауытты техникалық бақылау және кәсіпшілікті пайдалану қызметі бастығы болды.
2001 жылы ТШО-да техникалық қамту қызметі басшысының орынбасары және бастығы қызметтерін атқарды.
2003 жылдың қыркүйек айында «ҚазМұнайГазҰК» Ж АҚ мен «Теңізшевройл» ЖШС-нің өзара келісімі бойынша «ҚазМұнайГаз-ға»ТШО үлестерін басқару департаментіне директордың орынбасары болып бекітілді.
2004 жылдың маусымынан 2006 жылының тамызына дейін «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ-да Қарашығанақ жобасы департаментінің директоры, ал 2006 жылдың тамызынан бастап ҚМГ-да ТШО және Дунга жобалары блогының атқарушы директоры болып жұмыс жасады.
Қазіргі қызметінде - 2009 жылдан бері.
29 жыл бұрын (1985) Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театрының жетекші солисі ТАБЫЛДЫ Досжан Бақытжанұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған.
2003 жылы Селезнев ат. Алматы хореография училищесін үздік бітіріп шықты. 2007 жыл - «Astana Ballet Company» балетінің арнайы шақырылған жетекші әртісі 2007 жыл - «Большой театр» кәсіпқой балет әртістерінің шеберлік класының қатысушысы; 2007 жыл - United Dance Company (Париж) жетекші солист, Еуропа бойынша гастрольдік тур (Германия, Австрия, Голландия, Швейцария); 2005 - 2006 ж.ж. - Оңтүстік Корея, Суджиун өнер университеті және балет труппасының жетекші солисті; Репертуары Альберт («Жизель» А. Адан) Вацлав («Бахчисарайский фонтан» Б. Асафьев) • Джеймс («Сильфида» Х. Левенсхольд) Хозе («Кармен - сюита» Ж. Бизе- Р. Щедрин) • Спартак («Спартак» А. Хачатурян) Зигфрид («Лебединое озеро» П. Чайковский) Базиль («Дон Кихот» Л. Минкус) Ферхад ("Легенда о любви" А. Меликов) Принц Щелкунчик ("Щелкунчик" П. Чайковский) Конрад ("Корсар" А. Адан) Пан (Ш. Гуно "Фауст" операсынан "Вальпургиева ночь") Байқаулары; 2008 жыл - Рудольф Нуриевтің 70 жылдық мерейтойына арналған балет әртістерінің халықаралық байқауының жеңімпазы. Будапешт (Венгрия); 2007 жыл - Халықаралық I Корей балет байқауының жеңімпазы. Сеул (Оңтүстік Корея); 2005 жыл - Байқау лауреаты Хельсинки (Финляндия); 2004 жыл - Жас балет әртістерінің халықаралық байқауының дипломанты, арнайы үш сыйлықтың иегері. Пермь (Ресей); «Ең талантты». «Әртістік шеберлігі үшін». «Көрермендер көзайымы». Марапаттары 2007 жыл - «Халық батыры» республикалық сыйлығының еліміздің әлеуметтік және қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін «Мамандық мақтанышы» аталымы бойынша лауреат; 2006 жыл - «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері; 2006 жыл - «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының «Жаңа есім жаңа үміт» аталымы бойынша лауреаты.
182 жыл бұрын (1832-1898) орыстың атақты пейзаж суретшісі ШИШКИН Иван Иванович дүниеге келді.
86 жыл бұрын (1928) Грузия прензиденті, КСРО Сыртқы істер министрі болған ШЕВАРДНАДЗЕ Эдуард Амвросиевич дүниеге келді.
8 1 жыл бұрын (1933-2009) 1986-1992 жылдардағы Филиппин президенті Мария Корасон (Кори) Сумулонг Кохуангко дүниеге келді.
7 6 жыл бұрын (1938-1980) кеңестік ақын, композитор және орындаушы, 1970-жылдардағы кезеңнің символы ВЫСОЦКИЙ Владимир Семёнович дүниеге келді.
6 8 жыл бұрын (1946) кеңес және орыс эстрада әншісі және композиторы, Ресей хпалық әртісі ДОБРЫНИН Вячеслав Григорьевич (шын тегі - Петросян) дүниеге келді.
25 5 жыл бұрын (1759-1796) шотланд ақыны БЕРНС Роберт дүниеге келді
Шаруа отбасында туған. 1707 жылы Англияның қарамағына кірген Шотландияның аграрлық-өндірістік төңкерістерді бастан кешуі болашақ ақынға үлкен әсер етті. Өздігінен ізденіп, білім алады. 15 жасынан өлең жазады. «Екі бақташы», «Әулие Виллидің дұғасы» поэмалары көпшілікке қолжазба күйінде тарап кетеді. 1786 жылы «Шотланд диалектісінде жазылған өлеңдер» атты бірінші кітабы жарық көрді. Ақын онда өз сезімдері, ойлары, өмірі жайлы сыр шертеді. 1787 жылы Эдинбургке келген соң, оның екінші жинағы жарияланды. Ақын көп жылдар бойы туған халқының фольклорын жинаумен айналысты. 18 ғасырдың аяғындағы француз революциясына үн қосып, «Бостандық ағашы» өлеңдер циклін жазды. Ақын адам құқығы мәселелерімен айналысқаны үшін қуғынға ұшырады. Бернс Роберт поэзиясына ирония, сарказм, лиризм, юмор тән. Оның өлеңдерін Қ.Шаңғытбаев, Ө.Нұрғалиев қазақ тіліне аударды.
11 4 жыл бұрын (1900-1976) ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ГЛОЗМАН Осип Сергеевич дүниеге келді.
Литваның Вильнюс қаласында туған.
Саратов университетін бітірген.
1946 жылдан Алматыда Казақ медициналық институтының (С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) патофизиология кафедрасын, Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының (Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) патофизиология зертханасын басқарды.
Негізгі ғылыми еңбектері гематология, жалпы патология, патология-физиология мәселелеріне арналған. Глозман жедел өтетін токсикоздарды емдеу әдістерін тапты. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
7 9 жыл бұрын (1935-1998) еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропаның, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, КСРО және Ресейдің мұзда сырғанаудан еңбек сіңірген жаттықтырушысы ЖУК Станислав Алексеевич дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Ульяновск қаласында туған.
1958-1960 жылдар аралығында Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері атанған. Олимпиада ойындары мен Әлем, Еуропа біріншіліктерінде С.Жуктың тәрбиеленушілері бірнеше мәрте жеңіс тұғырына көтеріліп, 138 рет марапатталып, 67 алтын, 36 күміс, 35 қола медальдарға ие болған.