25 қаңтар күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 25 қаңтар күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Kazinform

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді. 

14.00-де Sheraton қонақ үйінде Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 21-ші халықаралық кездесу ұйымдастырылады.

15.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымы болады.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2024 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу науқанының аяқталуы туралы» сараптамалық дөңгелек үстел өтеді.

16.00-де Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болады.