10.00-де Өзбекстан елшілігінің ғимаратында «Жаңа Өзбекстан – әділетті Қазақстан: екіжақты ынтымақтастықтың болашағы» атты дөңгелек үстел өтеді.
11.00-де «Qazaqstan» жеңілатлетика спорт кешенінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру саласындағы негізгі міндеттерге арналған кеңейтілген алқа отырысы өтеді.
12.00-деПрезидент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Жоғары оқу орындарының 2022 жылға арналған білім беру бағдарламаларының рейтингі» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Көбенова Гүлзат Ісбасарқызы; «Атамекен» ҚР ҰКП басқарушы директоры Бейсенбенов Азамат Аманкелдіұлы.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.
14.30-да «Қазмедиа» орталығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өңірлік баспа басылымдарының жұмыс деңгейін арттыру мәселелері бойынша форум өткізеді.
17.00-де «QazExpoCongress» ҰК» ғимаратында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Жиында 2022 жылғы атқарылған жұмыстар мен 2023 жылға арналған жоспарлар талқыланады.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қызыл алма» лирикалық драмасы көрсетіледі.
19.00-де Номад Сити холлда Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат» мелодрамасы қойылады.
19.30-да «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Astana Musical» мемлекеттік театры «Сиқырлы сазды хор-концерт» өткізеді. Бұл кеште көрермендер жаңа форматтағы театрландырылған қойылымды тамашалай алады.
Фото: pixel-shot.com