Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с болады, түнде кейбір аудандарда боран соғып, көктайғақ болады. Маңғыстау, Атырау облыстарында 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей аймақтарда тұман түседі, Алматы облысында көктайғақ болады.
Қарағанды облысында түнде қатты аяз болады. Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде де аяз болады. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты аяз болады.