25 қаңтарда Қазақстанның солтүстігінде қар және бұрқасын күтілуде

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше, 2013 жылдың 25 қаңтарында Қазақстанның көптеген бөлігі әлі де фронтальдық бөліктердің ықпалында болып, онымен бірге ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады,

жауын-шашынның түсуі (солтүстік аймақтарда - қар), бұрқасын, желдің күшеюі, жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Республиканың оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталуда.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 18-23 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, күндіз жел екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының кейбір жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді, жекелеген аудандарда жел екпіні 30 м/с-тан асады.

Ақмола облысында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі, кейбір жерлерде жел екпінінің 25 м/с-қа дейін жетуі, бұрқасын күтілуде.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі, Ақтөбе облысында бұрқасын көтерілуі күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Маңғыстау облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, күндіз кейбір жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Атырау облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі, облыстардағы аумақтардың көптеген бөлігінде күндіз желдің екпіні 15-20, кейбір жерлерде 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болады, түнде кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал, күндіз аумақтың көптеген бөлігінде жел екпіні 15-20, кейбір жерлерде 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі, жел екпінінің 25 м/с-қа дейін жетуі күтіледі.

Павлодар облысының кейбір жерлерінде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі, бұрқасын болуы күтіледі.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы жекелеген өзендерінде мұз құбылыстарының әлсіреуі күтіледі. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер болмайды.