25 қарашада елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА
9.00-деRixos President Astana Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің 5-ші пленарлық отырысы өтеді.
10.00-де Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамыту: проблемалар мен шешу жолдары» тақырыбында үкімет сағаты басталады.
10.00-де Astana Marriott қонақүйінде Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін және гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі коалиция ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Жұмыс орындарындағы харассмент» атты дөңгелек үстел өткізеді.
10.00-де Zoom платформасында «Қоғамдық мәселелерді шешудегі адвокатура мен цифрлық технологиялардың рөлі» атты онлайн конференция ұйымдастырылады.
10.00-де Қазпатент алаңында «Биофармакология саласындағы инновациялар, оларды құқықтық қорғау және коммерцияландыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
10.00-де Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты «Азаматтық бірегейлікті нығайтудағы әлеуметтік әділеттілік факторы» атты ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді.
14.00-де елордадағы Триатлон саябағында гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арналған «Сyber Nomad» муралы ашылады.
15.00-деПрезидент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында халықты жұмыспен қамту шараларын іске асыру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер:ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ордабаев Олжас Темірбекұлы.
Көрсетілім сілтемелері:youtube, facebook.
15.00-де ҚР Ұлттық музейі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты дөңгелек үстел мен кітап көрмесін өткізеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Жылы орын» әлеуметтік комедиясы көрсетіледі.
19.30-даБарыс-Арена алаңында «Барыс» және «Спартак» хоккей клубтары ойын өткізеді.
АЛМАТЫ
9.00-де «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінде Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы «Бейрезиденттерге салық салудың өзекті мәселелері. Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбында конференция болады.
9.30-да Қазақстандағы БАҚ нарығын дамыту мәселесіне арналған дәстүрлі «MediaҚұрылтай 2022» XIV конференциясы өтеді.