АСТАНА
11.00-де Астана қаласының Достық үйінде Республика күніне орай қайырымдылық акциясы өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы - Астана қаласы ҚХА «ПАРАСАТ» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы және елордалық этномәдени бірлестіктер.
12.00-де «Қазанат» ат спорты кешенінде бәйге түрлері бойынша жарыс жоспарланған.
16.00-де ЕХРО көрмесінің алаңында «Қазақстаным менің!» концерті өтеді.
18.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Республика күнін мерекелеу аясында Роза Рымбаеваның шығармашылығына арналған концерт ұйымдастырылады.
19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Мәңгілік ел дауысы» концерттік бағдарламасын тамашалауға болады.
АЛМАТЫ
15.00-де Республика сарайында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі мен Ғылым және жоғары білім министрінің қатысуымен Қорғаныс министрлігі мен еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтеді.