25 қазанда ХҚО-лар қалай жұмыс істейді

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Республика күні мерекесіне байланысты 25 қазан, сенбі күні барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. 

— 27 қазан, дүйсенбі күні кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар қызмет көрсетеді. Кезекші бөлімшелер 9:00–ден 13:00–ге дейін, ал мамандандырылған бөлімшелер 9:00–ден 12:00–ге дейін жұмыс істеп, дайын құжаттарды 13:00–ге дейін береді, — делінген хабарламада.

28 қазаннан бастап ХҚО мен МХҚО-лар қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.

— Кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады, — делінген Азаматтарға арналған үкімет хабарламада. 

Айта кетелік Республика күні Астанада қандай шаралар өтетіні туралы жазған едік