25 қазанда Қазақстанда 10 градусқа дейін аяз болуы мүмкін - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – Жексенбі, 25 қазанда Алматы мен Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер қатты жел тұрып, үсік жүретінін болжады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Фото: Дарья Аверченко\Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағы ауқымды антициклонның ықпалында болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Дегенмен кейбір өңірлерде қолайсыз ауа райы сақталады.

Алматы қаласында түнде ауа температурасы -2...-4 градусқа дейін төмендейді. Іле Алатауы тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында желдің екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Алматы облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында желдің екпіні 17-22 м/с болады. Түнде облыс аумағында -1...-6 градусқа дейін үсік жүреді. Қонаев қаласында күндіз желдің екпіні 18 м/с-ке дейін күшейіп, түнде ауа температурасы -2...-4 градусқа дейін төмендейді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Өңірдің батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстікте желдің екпіні 15 м/с-ке жетеді. Облыстың батысы мен орталығында, сондай-ақ Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, соның ішінде Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өңірде жоғары өрт қаупі, ал орталық бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Атырау қаласын қоса алғанда, облыстың барлық аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өскемен қаласында да осындай ауа райы болжанып отыр.

Абай облысының орталық бөлігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Түнде облыс бойынша -3...-8 градусқа дейін үсік жүреді. Тараз қаласында ауа температурасы -5...-7 градусқа дейін төмендейді. Өңірдің солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде, соның ішінде Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с, шығысында 23-28 м/с-ке жетеді. Түнде солтүстік және орталық аудандарда -3 градусқа дейін үсік жүреді. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 20 м/с-ке жетеді. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі, ал солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Шығысында және таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл маңында кей уақытта 23-28 м/с-ке жетеді. Түнде -5...-10 градусқа дейін үсік жүреді. Талдықорған қаласында ауа температурасы -8...-10 градусқа дейін төмендейді. Облыстың шығысында төтенше, ал оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

– Қазақстан аумағы ауқымды антициклонның ықпалында болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, – делінген синоптиктердің болжамында.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға суық антициклонның келуіне байланысты күн райы айтарлықтай салқындайтыны хабарланған еді. Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігі мен шығысында түнгі ауа температурасы біртіндеп -5...-10 градусқа, ал оңтүстік өңірлерде -2...-7 градусқа дейін төмендейді.