«Адамдар әскери коллона көрсе, соғыс басталды деп ойлайды. Полиция бағанын көрсе, митинг деп топшылайды. Қандай видео туралы айтқаныңызды білмедім, 25 қазанға дейін әлі біраз уақыт бар, Республика күніне де не қатысы барын түсінбедім», - деп жауап берді министр орынбасары Үкіметте өткен брифингте тілші сұрағына.
Спикердің айтуынша, 25 қазан – мемлекеттік мереке және министрлік оған дайындық жүргізеді.
«Біз қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшеміз, қазір әкімдіктерден мереке күні өтетін барлық іс-шараны сұраймыз. Онда қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етеміз. Республика күні ДВК ұйымының митингке шақыруына келсек, бұл Қазақстан аумағында қызметі заңсыз экстремистік ұйым, әрине олардың митинг өткізуіне жол берілмейді», - деп түсіндірді И.Лепеха.
Бұл ретте министрлік өкілі әкімдіктер мақұлдаған митингтер бойынша кедергі болмайтынын жеткізді.