2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

25 қыркүйекте Қазақстанда жаңбыр жауып, жел соғады

АСТАНА. KAZINFORM – 25 қыркүйекте Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Фото: Kazinform

Астанада солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні түнде облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Облыстың батысы, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, батысы, оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында, яғни Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Атырау облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстік-батысы, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысы, солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні түнде облыстың солтүстік-батысында 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде күн соңында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі, шығысы мен орталығында 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.