25 қыркүйекте марафонға байланысты Алматыдағы жолдардың кейбір бөлігі жабылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы марафоны» жүгіру жарысының ұйымдастыру комитеті жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 қыркүйек күнгі таңғы сағат 6:00-ден бастап 25 қыркүйек күнгі кешкі сағат 18:00-ге дейін марафон өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өту шамасына қарай жолдар ашылып отырады. Марафонның сөресі мен мәресі Республика алаңында болады, сондықтан 24 қыркүйек күнгі сағат 6:00-ден бастап 25 қыркүйек күнгі сағат 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде екі қозғалыс жолағы да жабылады.

25 қыркүйекте мына жолдарда қозғалыс шектеледі:

Назарбаев даңғылында Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:40-қа дейін қозғалыс толық жабылады.

Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі жол бөлігінде шара өтетін күні сағат 7:00-ден 8:45-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 11:10-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Әл-Фараби даңғылында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесінде әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Абай даңғылында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін қозғалыс ішінара жабылады, даңғылдың солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Байтұрсынов көшесінде Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін қозғалыс толық жабылады.

Сәтбаев көшесінде Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

Сәтбаев көшесінде Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс толық жабылады.

Байзақов көшесінде Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

Тимирязев көшесінде Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

Шашкин көшесінде әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін жабылады.

Сонымен қатар ұйымдастыру комитеті Республика алаңына автокөлікпен жету бағытын ұсынды:

Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;

Сәтбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Назарбаев даңғылына дейін;

Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;

Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы Тауға дейін көлікпен жетіп, Алаңға дейін жаяу бару;

Абай даңғылының бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін;

Шевченко және Құрманғазы көшелерінің бойымен Желтоқсан көшесіне дейін;

Метромен «Абай» станциясына дейін;

Естеріңізге сала кетейік, 25 қыркүйекте жыл сайынғы ең ірі жүгіру жарысы – «Алматы марафоны» өтеді. Жүгірушілер үшін келесі қашықтықтар қарастырылған: 10 км, 21,1 км, 42,2 км, Экиден командалық эстафетасы, 10 км солтүстік жаяу жүру.