9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2022-2023 жылғы оқу жылының аяқталуы және каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру тақырыптары қаралады.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.
10.00-де ҚР Тұңғыш Президенті музейінде қала мен елдің креативті индустрияларының өкілдері елорданың креативті экономикасының дамуын талқылайды. Шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы – Астана қаласының Креативті индустрияларды дамыту орталығы.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Наз» Мемлекеттік би театрының қызметі туралы» онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК директоры Еркебұлан Ағымбаев. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Жамбыл облысының әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
12.00-де Radisson Astana қонақ үйінде Қазақстандағы Африка күні ресми түрде тойланады.
14.30-да «EXPO» халықаралық көрме орталығында KIOSH – 2023 еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі XI қазақстандық халықаралық конференция мен көрме аясында «Жаңа сын-қатерлер призмасы арқылы еңбекті қорғаудың тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында пленарлық сессия өтеді.
16.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Қалқанша безі гормондарының ағзаға әсері туралы» онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эндокринолог дәрігері Гүлнар Темірғалиева. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
16.00-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі медиа саласындағы мамандардың «BOLASHAQ» бағдарламасы арқылы қалай оқуға болатыны туралы тікелей эфир өткізеді. Сұхбат министрліктің Instagram-дағы @aqparatqogam парақшасында жүргізіледі.
19.00-де Қазақстан Орталық концерт залында «Менің Қазақстаным» концерті өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы қойылады.