25 мамыр күні Қазақстанның көптеген бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтілуде

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуінен 25 мамыр күні кейбір жерлерде екпінді желі бар найзағайлы жаңбырлар күтілуде.

Республиканың тек оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Атырау, күндіз Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с дейін соғуы, шаңды дауылдың орын алуы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды, Жамбыл облыстарында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с дейін соғуы күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ түсуі мүмкін. Атырау облысында кейбір жерлерде күн 36 градусқа дейін ыстық болады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде өрттің төтенше жоғары қауіптілігі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі.