25 наурыз күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 наурыз күні республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады, батыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік-батыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-батыста найзағай болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.

Атырау облысының түнде басым бөлігінде желдің екпіні 23 м/с, күндіз 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел болады. Қостанай облысында сондай-ақ жаяу бұрқасынмен күтіледі.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.

Жамбыл, Алматы областарында желдің екпіні 23-28 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, күндіз – көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде желдің күші күндіз 25 м/с артуы ықтимал, найзағай күтіледі.