25 наурыз күні найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет РМК ертең, 25 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, тек республиканың солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Найзағай жарқылдап, қатты жел тұрады.

Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысында күндіз жел қарқыны - 23 м/с, Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с дейін екпіндейді.

Батыс Қазақстанның кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.