Тек республикамыздың солтүстік, шығыс және оңтүстік аймағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болып, найзағай күтіледі, жел күшейеді. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.
Қызылорда, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды мен Павлодар облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Ақтөбе облысының бірқатар жерлерінже жоғарғы өрт қаупі сақталады.