9.30-да ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның орынбасарларына қатысты сот отырысы ZOOM платформасы арқылы өтеді.
10:00-де Үкіметтің кезекті отырысы басталады.
10.00-де Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері адам саудасының ықтимал құрбандарын анықтау бойынша тренинг ұйымдастырады.
11.00-де Қазмедиа орталығының 21-қабатында «Қазақстандағы азаптауға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді.
11:00-де Астана қалалық коммуникация қызметінде «Астана қаласын цифрландыру бойынша жобаларды іске асыру туралы» онлайн брифинг басталады.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әскерлерді даярлаудағы жаңа тәсілдер» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
16.00-де Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры «Қазақстанда әділ сайлауды қамтамасыз ету үшін ұлттық заңнаманы қалай өзгертуге болады?» тақырыбында парламенттік тыңдау өткізеді.
13:30-да Rixos қонақ үйінде «Қазақстандағы ауа сапасын тиімді басқару үшін не қажет» тақырыбында семинар ұйымдастырылады.