Қазақстан аумағының батыс бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Республиканың шығыс бөлігі антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды.
Ел аумағының кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді.
Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.
Солтүстік Қазақстан, түнде Түркістан, Жамбыл, күндіз Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде найзағай болады.