НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтеді. Онда ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Ауыл - Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру туралы баяндама оқиды.
11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі «Браконьерлікпен күрес шаралары туралы» онлайн брифинг өткізеді. Спикер: Жармағамбетов Алишер Исматұлы – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Профилактикалық қызмет басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы.
15.00-де Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасы өңірлерін газдандыру: қазіргі жай-күйі, мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.