25 шілде күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 25 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы күтіледі, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыста қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың тек оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жекелеген өңірлерде тұман, екпінді жел, дауыл, бұршақ болжанады. Оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМКмәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел15-20 м/с күшейеді. Жекелеген аумақтарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Түндежәне таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман болжанады.

Шығыс Қазақстаноблысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с артады, бұршақжаууы мүмкін.

Павлодар облысыныңкей жерлерінде дауыл, тұман, 18 м/с екпіндегі жел, бұршақ болжанады.

Қостанай облысыныңкей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Алматы,Түркістан, Атырау, Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдіңжылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түркістаноблысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Алматы,Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарыныңкей жерлерінде қатты ыстық болжанады. Күндіз Маңғыстау облысының жекелегенаумағында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Сондай-ақсиноптиктердің ақпаратына сәйкес, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы,кей жерлерде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өте жоғары өртқаупі сақталады.