25 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 25 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, драматург, жазушы Баянғали Әлімжанның «Әлем әуендері», «Қырғызым бірге туғаным» және «Доброжелательный Аскар» атты жаңа кітаптарының тұсаукесері өтеді.

15.00-де ҚазМедиаХолл телерадиокешенінде «Оқу-әдістемелік құралдардың қазіргі ахуалы және тіл үйретудегі жаңа тенденциялар» республикалық онлайн семинары өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Тұран университетінің залында Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі «Елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің функцияларын реформалау жөніндегі шаралар, құқық қорғау органдарының қызметіне халықтың сенімін арттыру және қылмыстарды төмендету мәселелері» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізеді.

11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында қазақстандық теміржол компоненті материалдармен қамтамасыз етуге тартылған ұлттық өндірістік кластердің жойылуын талқылауға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

11.30-да Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласының қаржы нарығының жағдайы, 2017 жылға арналған есеп. 2018 жылға арналған жоспарлар» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

10.00-де Жамбыл облысындағы Астананың мәдени күндері аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Ақ тілекпен Астана!» көрмесі ашылады.

19.00-де «Баласағұн» концерт залының сахнасында «Астанадан ақ тілек» атты гала-концерт өтеді. Кеш бағдарламасында эстрадалық би, «Шалқыма» халық биі ансамбльдері, «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері өнер көрсетеді. Сонымен қатар, сахна төрінде отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Клара Төленбаева, Күләйым Қайырбаева, Дос, Асқар Жайлаубаев, Di-ArtStyle триосы, Бауыржан Исаев, Ринат Мальцагов және Алмас Кішкенбаев ән шырқайды.

19.00-де Жамбыл облыстық орыс драма театрында елордалық М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры ұжымы К.Людвигтің «Примадонна» комедиясын көреді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ  

12.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақытжан Әшірбеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылғы жүзеге асқан және алдағы уақытта жоспарланған іс-шараларының барысы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сондай-ақ, ертең Түркістан қаласында ҚР Қаржы министрлігінің аумақтық мемлекеттік органдарының өкілдіктері ашылады. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер департаментінің І жартыжылдықтағы есебі тыңдалып, салық салу базасын кеңейту мәселесі қаралады.