ЕСІМДЕР
Ақмола облысында туған. 1980 жылы Совет Одағының Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа орналасты. Совет Одағының Оңтүстік Азиядағы елшіліктерінде – Пәкістан Ислам Республикасы (1981-1985 жылдары) және Үндістан Республикасында (1990-1992 жылдары) екі шетелдік іссапардан кейін 1992 жылы тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасына оралып, Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа кірді. Онда халықаралық қауіпсіздік және қару-жарақты бақылау басқармасының бастығы, сондай-ақ кейіннен Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы (1996-2000 жылдары), Корея Республикасындағы (2001-2003 жылдары), Жапониядағы (2004-2006 жылдары) және Израиль Мемлекетіндегі (2012-2014 жылдары) Елшісі болды. 2007-2009 жылдары Қытай Халық Республикасының Пекин қаласында орналасқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы еді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету кезеңінде бұл ұйымның әрекет етуші төрағасының ұзаққа созылған қақтығыстар жөніндегі арнайы өкілі қызметін атқарып жүрді. 2014 жылы еліміздің дипломатиялық қызметіндегі жұмысын аяқтағаннан кейін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы президентінің кеңесшісі ретінде жұмыс істеді. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап, ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып, 2021 жылғы сәуірде осы мекеменің Басқарма төрағасының лауазымына тағайындалды.
«Құрмет» ордені (2010 жыл), «Достық» ордені (2020 жыл) және медальдармен марапатталған. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі дипломатиялық дәрежесін алған.
Рига азаматтық авиация инженерлері институтын, Алматы менеджмент мектебін бітірген.
Еңбек өтілі: «Правда» газетінде маман (1984); «Қазақкумулятор» өндірістік-диспетчерлік бөлімінің инженер-диспетчері, экономисі, қаржыгері (1990-1994); Алматы әуежайы қаржы тобының бухгалтері, «Қазақстан әуе жолы» ҰАК қаржы жұмысы бойынша бастығының орынбасары, Алматы әуежайының бас бухгалтері, 1998-2011 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2011-2014); ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2014-2017). Қазақстан Республикасындағы ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясының тұрақты өкілдігінің басшысы (2017-2019).
Қазіргі қызметін 2019 жылғы тамыздан атқарып келеді.