25 тамыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің кітапханасында «Қазақстан Республикасының конституциясы» - қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
10.00-де ҚР Тұңғыш Президенті музейінде Астана қаласы мен республика педагогтеріне арналған «Жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру» бағыты бойынша тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтеді.
10.00-де «Отан қорғаушылар» монументі алаңында Конституция күніне орай Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің ұйымдастырумен және Алматы ауданы әкімі аппаратының қолдауымен ауқымды іс-шара өтеді.
10.00-де «Жастар» сарайында елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Астанагенплан» ҒЗИ-мен бірлесіп, астаналықтарды 2035 жылға дейін Астананың Бас жоспарының жобасын қоғамдық талқылауды жалғастыруға шақырады.
12.00-де Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Президент кадр резерві бойынша квазимемлекеттік сектор өкілдерімен кездесу өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның археология ғылымы: мәселелері және перспективалары» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Бибосынов Асылхан Жәнібекұлы; Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Бас директоры Оңғар Ақан Оңғарұлы; Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Мамиров Талғат Базарбайұлы; Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Бас ғылыми қызметкері Самашев Зайнолла Самашұлы.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
12.00-де «Қазгидромет» ғимаратында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Вегетациялық кезеңнен өту туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: Азидуллин Галидолла Азидоллаұлы, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, Саиров Серік Бияхметұлы, «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары; Қыстаубаев Асқар Өтепбергенұлы, «Қазсушар» ШЖҚ РМК Түркістан филиалы директорының м. а; Өтегенов Казан Анарбекұлы, «Қазсушар» ШЖҚ РМК Жамбыл филиалы директорының м.а.
12.30-да Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешімді түсіндіруге арналған баспасөз брифингін өткізеді.
13.30-да «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет нәтижелеріне арналған баспасөз брифингін өткізеді.
15.00-де қалалық Достық үйінде Конституция күніне орай «Адал азамат – Ата Заңның тірегі» атты конференция өтеді.
15.00-де Rixos President Astana алаңында өтетін Astana Hub пен Google for Startups бірлескен Silkway Accelerator бағдарламасының Opening Day салтанаты өтеді.
17.00-де Қазақстан және Тәжікстан мемлекет басшыларының қатысуымен «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында Тәжікстан өнер шеберлерінің салтанатты концерті өтеді.
18.00-де Abu Dhabi Plaza қонақтары мектеп ортасында балалардың қауіпсіздігі және буллингке қарсы дәрістер тыңдай алады.