25 тамызда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 тамызда елімізде өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

Сағат 10:00-де 7-ші шақырылған Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс сессия өтеді. Іс-шара «Zооm» бейнеконференцбайланыс қызметі платформасы арқылы ұйымдастырылады.

Ал сағат 12:00-де Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға Түркия Республикасындағы орман өртін сөндіруге шұғыл аттанған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 16 құтқарушысы мен екі МИ-8 АМТ ұшағының ұшып келетіндігі күтіледі.

Дәл осы уақытта «QazExpoCongress» ҰК» АҚ, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі және «Еуразиялық мәдени альянс» ҮЕҰ ұйымдастырумен Қазақстан елордасындағы «Нұр-Әлем» болашақ энергиясы муражайында «Жер - Ғарыш» сурет көрмесі ашылатын болады.

Мұнан бөлек, сағат 15:-00-де Қазақстан мен Ресейдің техникалық реттеу және метрология саласындағы басшылары Арман Әбенов пен Антон Шалаев кездеседі. Кездесу елордадағы Эталон орталығы ғимаратында жоспарланған.