Хабарланғандай, «судья кісі өлімі оқиғасы болған кезде Флемингтің шын мәнісінде Флоридада демалыста болғанын мойындады».
Қазір жасы 51-ге келген Нью-Йорк тұрғыны оған артылған айыптаулар алынып тасталғаннан кейін Бруклиндегі жоғарғы сот залын тастап шықты. «Осы күнді көп күткен оның қуанышында шек жоқ. Сонымен бірге, 25 жыл бойы өзі жасамаған қылмысы үшін қамауда отырғанына жабырқаулы», - дейді қорғаушысы Тэйлор Косс.
Осы жылдар бойы сотталушы 1989 жылы Бруклинде болған өз досының өліміне қатысы барлығын теріске шығарып келген болатын, деп жазады «Российская газета».