25 жыл түрмеде отырғаннан кейін ақталған америкалыққа $6 млн төленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк билігі кісі өлтірді деген айыппен сотталып, 25 жыл түрмеде отырғаннан кейін ақталған ер адамға 6,25 млн доллар төлеуге келісті.

Джонатан Флемингтің айғақты дәлелін прокурорлар мойындағаннан кейін оны өткен жылы түрмеден босатқан.

«Біз әрине, қапаста отырған жылдарын қайтарып бере алмаймыз. Тек Нью-Йорк оған қатысты жасаған әділетсіздігі үшін өтемақы ұсына алады», - деді Нью-Йорк қазынашысы Скотт Сингер.

Анықталғандай, 1989 жылы айыптау жағына шыққан прокурорларда Джонатан Флемингте нақты айғақ - Нью-Йорктегі орын алған кісі өліміне дейін бес сағат бұрын төленген Флорида қонақүйінің чегі болған. Алайда прокурорлар бұл айғақты жасырып қалған.