«Прокурорлар Есенгелді ауылының тұрғындарымен кездесу барысында жергілікті кәсіпорындардың бірі 250 жұмысшыға үш жыл бойы әлеуметтік аударымдар, зейнетақы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын аудармағанын анықтады. Төленбеген жарналар мен аударымдардың жалпы сомасы - 23 миллион теңгеден асып кеткен. Аудан прокуратурасының араласуынан кейін «Tlekei Agro» ЖШС-нің барлық қызметкерлеріне заң талаптарына сәйкес төлемдері толықтай өтелді. Азаматтардың конситуциялық құқықтары қорғалды»
, - деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Кездесу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Атбасар ауданы прокуратурасының «Ашық есік күні» көшпелі акциясы барысында өткен.
Айта кетсек, Ақмола облысында мемлекеттік орган ғимаратын өртемек болғандар іздестіріліп жатыр.