«Биыл елімізде ауқымды су тасқынына жол берілген жоқ. Еліміздің бес елді мекенінде 49 тұрғын үйді су басты, олардың басым бөлігі (39 үй) Қостанай облысында болды. Автожол учаскелерінде 7 су тасу және 4 су шаю жағдайы тіркелді», - деді Ю. Ильин.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта көктемгі су тасқыны болуы мүмкін 925 елді мекеннің 250-і қауіпті аймақта қалып отыр.
«Биыл 46 шақырым бөген салынды және жөнделді,
75 шақырым жағалауды бекіту, сондай-ақ өзен арналарын түзету (26 км) және тереңдету (71 км) жұмыстары жүргізілді», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт қауіпсіздігіне байланысты 1 мыңнан астам нысанды пайдалану тоқтатылғанын айтты.