250 шаршы метрді шарпыды: Астанадағы өрт оқшауланды

Фото: Видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының Нұра ауданында қызыл жалынға оранған тұрғын үй кешеніндегі өрт ауыздықталды. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

— «Семь бочек» тұрғын кешенінің 6 мен 16 қабат аралығындағы сыртқы қаптамасы мен 14-қабаттағы балкон өртке оранды. 100-ге жуық тұрғын өз бетінше далаға шықты, ТЖД күштері 15 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Бұған дейін өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылғанын, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілгенін жазған едік.