2500-ден астам астаналық жұмысшыларға жалақы бойынша берешек төленді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда 540 млн. теңгеден астам сомаға 2540 жұмысшыға жалақы бойынша берешек өтелді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасының ақпараты бойынша,астаналықтар көбінесе еңбекақы төлемеу, қалған аз бөлігі - заңсыз жұмыстанбосату, тәртіптік сипаттағы шараларды қолдану, еңбек жағдайларын өзгерту жәнет. б. сияқты еңбек заңнамасына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдарғажүгінеді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, негізінен жалақыны кешіктіру немесе төлемеукөпшілігі күзет қызметін көрсетумен айналысатын, қоғамдық тамақтандыру жәнеқұрылыс саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындарда кездеседі.

Айта кету керек, еңбек заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Заңменескерту және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар