254 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтіп, онда 254 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшединованың айтуынша, комиссия қарауына стипендия тағайындау үшін барлығы 300 үміткердің жеке істері шығарылған.  «Соның ішінде 254 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды, 46 адамның өтініші қанағаттандырылмады. Себебі, олар конкурстың барлық кезеңдерінен өте алмады», деді ол.

 «Үміткерлердің көпшілігі білім алу үшін құжаттарын Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Швейцарияның жоғары оқу орындарына тапсырған. «Азаматтардың өтініштерін қарастыру жөніндегі жұмыстар және конкурстық іріктеулер жалғасуда», деді вице-министр.