25 млрд теңгеден астам айналымы бар 50 наркошоптың қызметі әшкереленді

Фото: ҚМА

АСТАНА.KAZINFORM — Қаржылық мониторинг агенттігі есірткіні өткізу және есірткіден түскен кірістерді заңдастыруға байланысты ақша қозғалысын белсенді түрде қадағалайды.

— 25 млрд теңгеден астам айналымы бар 50 наркошоптың қызметі әшкереленді. Барлық транзакциялар бойынша толық мәліметтер ІІМ, ҰҚК және прокуратураға берілді. Бір мезгілде онлайн-дүкендер арқылы есірткі сатып алған 40 мыңға жуық адам анықталды, — делінген хабарламада.

— Алдын алу мақсатында қаржы реттеушілерімен бірлесіп дроп карталарды танудың тиімді тетігі жолға қойылды. Нәтижесінде 20 мыңнан астам карта бұғатталды. Банктер 8 мың клиентпен іскерлік қатынастарын үзді. Есірткіден түскен 2 млрд теңгеден астам қаражат шоттарда тоқтатылды.

— Есірткі саудасына қатысы бар 3 мыңнан астам крипто әмиян анықталды, 11,5 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат бұғатталды.

— Есірткіден түскен кірісті заңдастыруға да пайдаланылған 130 заңсыз криптоайырбастау орны (64 қылмыстық іс) жойылды. ТМД елдеріндегі 50-ден астам жергілікті дүкен мен 20 ірі жеткізушінің қызметі тоқтатылды.

— Соңғы бір жарым жылда есірткінің заңсыз айналымына қатысты 225 дерек анықталды, 118 кг-нан астам есірткі және психотроптық зат (оның ішінде 4,5 кг синтетикалық есірткі), 217 мың дана күшті әсер ететін препарат (тыйым салынған «анаболикалық стероидтар») тәркіленді.

— Жыл басынан бері халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізілетін 4 арна жабылды.

Еске сала кетейік, бұғн дейін Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілеттігін кеңейткенін жазған едік.