26 ақпан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 26 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

26 АҚПАН, СӘРСЕНБІ

Кувейтті азат ету күні. Бұл 1991 жылдың 24-28 ақпан күндері әскери операция кезінде Кувейтті азат етуіне орай жыл сайын тойланатын мереке. Сондай-ақ бұл күн аталған әскери шабуылдар кезінде қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт тұрғындарды еске алу күні болып табылады. Айта кетерлігі, Кувейтті азат ету операциясы Парсы шығанағында Кувейт пен Ирак арасында 7 айға созылды. Кувейтті Коалиция елдері - АҚШ, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Мысыр және тағы басқа елдер қолдады.

Ходжалы құрбандарын еске алу күні. Бұл - 1992 жылдың 25-26 ақпандағы түнгі оқиғаға, атап айтқанда Ходжалы қаласын басып алғанға орай белгіленген қаралы дата. Ходжалы қасіреті таулы Қарабахтағы қақтығыста ең қатыгез әрі көп қан төгілген қаралы оқиға болып саналады. 1992 жылдың 6 қаңтарында таулы Қарабах Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған болатын. Дәл осы жаңалық аталмыш трагедияға әкеліп соқты. Сондай-ақ бұл күн Ходжалы геноциді деп те аталады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

20 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «1994 жылы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына көмек көрсету туралы» Жарлығы мен «Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы» Қаулысы жарияланды.

9 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийге арналған ескерткіш тақталарын ашты. Барельефті Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Азат Боярлин жасады. Барельеф Астанада «Өнер» ЖШС-де жасалды. Биіктігі 1,5 метр, ал ені 2,5 метр. Барельефтің мүсіндік бөлігі салмағы 500 келі қоладан, ал мәтіндік бөлігі салмағы 400 келі граниттен жасалған.

9 жыл бұрын (2005) Ақмола облысының www.akmo.kz веб-сайты ашылды. Онда оқырман аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы, жоспарлары мен мақсаттары, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар туралы ақпарат ала алады. Сайттың ашылуына облыстық әкімдік көмек көрсетті. Сайттың басты мақсаттарының бірі Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын насихаттау.

7 жыл бұрын (2007) Көкшетауда Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап кітапханасында ақпараттық-библиографиялық бөлімнің ұйымдастыруымен «Алтын Арқа-мәдени мұра» атты алғашқы CD-ROM-дискісінің тұсаукесері болды. «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында жарық көрген дискі 4 бөлімнен тұрады. Онда өңірдің суырыпсалма айтыс ақындары, ақын-жазушылар, орындаушылар, жас таланттар, композиторлар, көркемөнерпаздар ұжымдары жайында мол мағлұмат беретін 115 анықтамалық шығармашылық деректер қамтылған.

6 жыл бұрын (2008) Нью-Йоркте Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры Рафис Абазовтың «Орталық Азияның тарихи атласы» деп аталатын жаңа жұмысының таныстырылымы өтті. Бұл кітап алғашқы орталықазиялық мемлекеттер (Соғды, Бактрия, Хорезм) құрылғаннан бастап, Ескендір Зұлқарнайын шабуылдарының дәуірі мен қазіргі кезеңге, құбырлар құрылыстары мен аймақ республикаларының халықаралық лаңкестікпен күреске атсалысуы кезеңі аралығын қамтыған тарихи шолу болып табылады.

6 жыл бұрын (2008) Павлодар облысының Қашыр аудан орталығында «Нас породнила качирская земля» атты жинақтың таныстырылымы болды. Кітаптың жетпіс бетінде мұрағат құжаттары, суреттер және аймақтың әлеуметтік инфақұрылымына және ауыл шаруашылығының дамуына өз еңбектерін қосқан ардагерлердің естеліктері жарияланған. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары облыстың үздік аудандарының бірі болды. Мұнда егін егіп, жаңа агротехникалық әдістерді қолданды, мал шаруашылығында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Аудан орталығында мектептер, медициналық мекемелер, мәдениет үйлері және кітапханалар салынды.

5 жыл бұрын (2009) Алматыда режиссер Константин Харалампидистің «Алатаудың киелі биігі» деген деректі фильмін таныстыруға арналған баспасөз мәслихаты өтті. «Алатаудың киелі биігі» фильмі қиын-қыстау замандарда отандарынан ықтиярсыз Қазақстанға айдалған адамдар үшін қазақ халқының бауырмалдығы, олардың жәрдемі үлкен қуат берді. Фильмнің идеясы да өзге діндегі, өзге ұлтты адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісімді паш етуді көздейді.

5 жыл бұрын (2009) Алматыда «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ тұңғыш рет он-лайн жүйесінде астықтың биржалық саудасын өткізді. Шара халықаралық астық конференциясының аясында өтті.

4 жыл бұрын (2010) Алматыда Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да қазақстандық кәсіпорындар мен «Шнейдер Электрик» ЖШС француз компаниясының қатысуымен энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету саласында мамандар даярлау жөнінде алғашқы Қазақстан-Француз орталығын құру туралы келісімге қол қойды.

3 жыл бұрын (2011) «Қазақстан» ұлттық арнасында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақтың 100 әні» тележобасы басталды.

3 жыл бұрын (2011) ҚР Ұлттық банкі «Ұлы көшбасшылар» сериясымен 100 теңгелік «Тұмар» күміс тиындары мен «Жойылып бара жатқан жануарлар» сериясымен 100 теңгелік гауһар тастары бар «Қарақал» тиындарын шығарды.

2 жыл бұрын (2012) К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында Жак Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсының премьерасы өтті.

1 жыл бұрын (2013) Қытайдағы Қазақстанның елшісі Нұрлан Ермекбаев Боаолық Азиялық форумының Секретариятынан ҚР Президенті Н.Назарбаевты БАФ 12 сессиясына қатысу туралы шақырту алды.

1 жыл бұрын (2013) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Кенжеғали Сағадиев» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітапқа ғалымның өмірбаяндық деректері мен публикациялары және ғылыми мақалалары енген.

329 жыл бұрын (1685) Швеция мен Дания бейбітшілік туралы келісімге келді. Ол 1657-1658 жылдардағы швеция-даниялық соғысқа нүкте қойды.

220 жыл бұрын (1794) Францияда революция жауларының жеке мүлігін тәркілеу туралы декрет жарияланды.

182 жыл бұрын (1832) Польша өзінің әскерінен айырылып, Ресей империясының қол астына өтті.

118 жыл бұрын (1896) Анри Беккерель уранның сынама белгісі фотопленканы ағартып жіберетінін анықтады.

97 жыл бұрын (1917) Нью-Йорктің «Victor» фирмасының студиясында алғашқы джаз грампластикасы жазылды.

95 жыл бұрын (1919) АҚШ-тың Аризона штатында Гранд-Каньон ұлттық паркі ашылды.

79 жыл бұрын (1935) шотланд физигі Роберт Ватсон-Ватт алғашқы радарлардың бірін таныстырды. Радарларды кеңінен пайдалану үрдісі 1930-1940 жылдардың басында қалыптасты.

60 жыл бұрын (1954) АҚШ-та фототеру типографиялық машинасы пайда болды.

44 жыл бұрын (1970) Pontiac Firebird автокөліктерінің екінші кезеңі шығарыла бастады.

21 жыл бұрын (1993) Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік сауда орталығының гаражында 680 келі жарылғыш заты бар жүк көлігі жарылды.

19 жыл бұрын (1995) әлемдегі көне қаржы институтының бірі - ағылшынның «Barings Bank» банкі дағдарысқа ұшырады. Банктің сингапурлік бөлімшесінің бастығы Ника Лисонның заңсыз ерекетінен король отбасының мүшелері 1,3 млрд. доллар қаржысынан айырылды.

13 жыл бұрын (2001) Ауғанстанда Будданың тас мүсіндері түгелімен жойылды. «Талибан» қозғалысының негізін қалаушы молла Мұхаммад Омар тасқа табынуға түбегейлі қарсы болып, елдің басшысы болып сайланғанда, исламға қайшы келетін тас мүсіндерді жою туралы қаулы қабылдады.

10 жыл бұрын (2004) Македония Республикасының Президенті Борис Трайковский мен оның отбасы әуе апатынан қайтыс болды.

3 жыл бұрын (2011) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Муаммар Каддафиге қатысты санкция мен Ливия халқына көмектесу туралы резолюциясы қабылданды.

ЕСІМДЕР

6 1 жыл бұрын (1953) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ӘЙТІМОВА Бірғаным дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Орал педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Орта мектептің оқытушысы, кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, Орал облыстық комсомол комитетінің сектор, бөлім меңгерушісі, қалалық, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1990-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы. 1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Грекиядағы, Мальтадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Білім және ғылым министрі. «Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

5 3 жыл бұрын (1961) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім ұйымының педагогикалық өлшемдер орталығы филиалы директорының орынбасары МАДЕЕВ Сабыржан Маратұлы дүниеге келді. Қарағанды қаласында туған. Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 1984 1986 жылдары - Ебіней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика кафедрасының инженері, Кеңес Армиясы қатарында. 1986-1992 жылдары - Қарағанды қаласындағы № 93 орта мектептің мұғалімі. 1991-1994 жылдары - Қарағанды қаласындағы жеке меншік мектептің мұғалімі, директоры. 1994-1995 жылдары - Қарағанды қаласындағы № 88 орта мектептің директоры, Астана қаласындағы облыстық мұғалімдерді жетілдіру институтының директоры.1995-1996 жылдары - Астана қаласындағы № 27 орта мектебінің мұғалімі, әдіскері, ғылыми кеңесшісі. 1996-1998 жылдары - Астана қаласындағы «Лицей «Столичный» мемлекеттік емес мекемесінің оқытушысы, директоры. 1998-2003 жылдары -Астана қаласындағы «Тұран» университеті филиалының оқытушысы, директоры. 2003-2005 жылдары - Тұран-Астана» университетінің бірінші проректоры, ректоры қызметтерін атқарған. 2005 жылдан - қазіргі қызметінде. 2004 жылдың қазан айынан - Қазақстан Республикасы білім беру мекемелері Ассоциациясының вице-президенті. 20-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасының туризм дамуына үлес қосқан үшін» төс белгісімен марапатталған.

4 1 жыл бұрын (1973) «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорын бас директорының бірінші орынбасары СҰЛТАНОВ Нүркен Қайырбекұлы дүниеге келді. Петропавл педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасында жетекші маман, ҰҚК Астана қалалық «Алтын әскер» РМК өндірісік бөлімінің бастығы, Астана қаласындағы «PULSAR NS» ЖШС директоры болды. 2008 жылдан «Қазгидромет» РМК жүйесінде гидрология орталығының директоры, гидрометеорологияық және экологиялық қызметтерді дамыту департаментінің директоры, гидрометқамтамасыз ету басқармасының директоры болып жұмыс жасады. 2009 жылдан «Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры. Қазіргі қызметінде - 2011 жылғы қазаннан бері.

34 жыл бұрын (1980) ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, әлем рекордшысы ХРОМОВА Татьяна дүниеге келді. Ол - Өзбекстанда туған. Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Ауыр атлетикамен 1996 жылдан бері айналысып келеді. Жаттықтырушысы - Ю.Мельников. 2001 жылы Түркияның Анталья қаласында өткен әлем біріншілігіне қатысып, 5-ші орынға ие болды. 2000-2002 жылдар аралығында Жапониядағы Азия біріншілігінің қола жүлдегері. Катар елінде өткен Әлем кубогының иегері атанып, Сиднейде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. 2003 жылы Мәскеудегі ауыр атлетикадан өткен арнайы турнирдің жеңімпазы атанған. 2004 жылы - Азия чемпионы (Алматы), 77 кг салмақта 120 кг-ды жұлқи көтеруден әлем рекордын жаңартқан, Афинада өткен Олимпиада ойындарына қатысып, 6-орынға ие болған.

18 5 жыл бұрын (1829-1902) американдық өнеркәсіпші, американдық джинси киімдері өнертапқышы Леви СТРАУСС дүниеге келді.

7 3 жыл бұрын (1941-2012) кеңестік және ресей театр және кино актері, РСФСР халық әртісі ЖАРИКОВ Евгений Ильич дүниеге келді.

6 4 жыл бұрын (1950) Лейбористік партияның көшбасшысы, Жаңа Зеландияның 37-ші премьер-министрі (1999-2008) Хелен Элизабет КЛАРК дүниеге келді.

60 жыл бұрын (1954) түрік саяси және мемлекет қайраткері, Түркияның 2003 жылдан бергі премьер-министрі Реджеп Тайип ЕРДОҒАН дүниеге келді.

49 жыл бұрын (1965) Шығыс Қазақтан облыстық сотының төрағасы РАХМЕТУЛИН Абай Жамбылұлы дүниеге келді. Ол - Омбы облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1990), құқықтанушы. 7 ғылыми-практикалық жарияланымның авторы. 1990 жылдан - Көкшетау облыстық қорғаушылар алқасында сынақ мерзімінен етуші. 1991 жылдан - заңгерлік кеңестің қорғаушысы. 1992 жылдан - Көкшетау облыстық Әділет басқармасының жетекші маманы міндетін атқарушы; Көкшетау қалалық сотының әкімшілік және атқару өндірісі жөніндегі судьясы міндетін атқарушы; Көкшетау қалалық сотының судьясы міндетін атқарушы; Көкшетау қалалық сотының әкімшілік және атқару өндірісі жөніндегі судьясы; Көкшетау қалалық сотының судьясы. 1993 жылдан - Көкшетау қалалық соты төрағасының орынбасары. 1995 жылдан - Көкшетау қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы. 1996 жылдан - Көкшетау қалалық сотының төрағасы. Әр жылдары 2002 жылдан - Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, ҚР Жоғарғы сотының судьясы, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» және «Астананың 10 жылдығы» мерейтой медальдарымен марапатталған.

48 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі салық комитеті «Ақпараттық технологиялар паркі» Алматы қаласы бойынша салық басқармасының бастығы ҚАЛИЖАНОВ Бағдат Уәлиұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, Экономика және құқық академиясын бітірген. 1989-1990 жылдары - Алматы қаласы Фрунзе аудандық қаржы бөлімі салық инспекциясының салық тексеруші-инспекторы, салық тобының тексеруші-инспекторы. 1990-1993 жылдары - Алматы қаласы Фрунзе ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының мемлекеттік салық инспекторы, аға мемлекеттік салық инспекторы, бас мемлекеттік салық инспекторы. 1993-1996 жылдары - Алматы қаласы Фрунзе ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының бөлім бастығы. 1996-1997 жылдары - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының бастығы. 1997-1998 жылдары - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша салық бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік салық комитетінің төрағасы. 1998-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің салық комитеті Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министірлігінің салық комитеті Павлодар облысы бойынша салық комитетінің төрағасы. 2002-2004 жылдары - Алматы қаласындағы «Қазтелерадио» ЖАҚ-ның қаржы жөніндегі директоры - төрағаның орынбасары, Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі салық комитеті Ұйымдастыру және қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары. 2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі салық комитеті «Ақпараттық технологиялар паркі» Алматы қаласы бойынша салық комитетінің бастығы. 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі салық комитеті «Ақпараттық технологиялар паркі» Алматы қаласы бойынша салық департаментінің бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдан - қазіргі қызметінде. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.