Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде боран соғып, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Маңғыстау облысында тұман түсіп, жел күшейеді. Атырау облысының кейбір аймақтарында желдің күші 15-20 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түседі. Алматы облысында түнде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болуы мүмкін.