Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының таралуына қарсы жүргізілген кешенді тексеріс нәтижесінде Шахрисабз ауданында 2007-2013 жылдар аралағында 26 бала вирус жұқтырғаны, оның алтауы індет салдарынан көз жұмғаны анықталған.
«Осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 113-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді Шахрисабз прокуроры Шералы Әшіров. Қылмыстық іс дәлелденсе, кінәлілер 5-тен сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.