АСТАНА. ҚазАпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысты қылмыстық іс бойынша 26 қаңтарға жоспарланған сот отырысы ашық өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Әскери сотының бас маманы Мақпал Мағзұмова айтты.
Оның сөзіне қарағанда, сот отырысы 10:00-де мамандандырылған ауданаралық әскери сотында болады. Сот отырысына судья Ербол Ахметжанов төрағалық етеді.
Айта кетейік, Н. Жоламанов ҚР ҚК-нің 311-бабы, 5-бөлімі - пара алу және ҚР ҚК-ның 235-бабы, 3-бөлімі - бір немесе одан да көп қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару сияқты тармақтар бойынша айыпталып отыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.