Төлежан БАРЛЫБАЕВ, Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
1970 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Мәскеудегі Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін бітірген. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында біліктілікті арттыру курсынан өткен. Сондай-ақ Лондон экономика мектебінің басшыларға арналған арнайы бағдарламасын тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1993-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарған. 1994-1997 жылдары Қазақстанның Украинадағы Елшілігінде үшінші, кейін екінші хатшы болды. 1997-1998 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Ақпараттық талдау және сыртқы саяси іс-шараларды жоспарлау басқармасында бірінші хатшы қызметін атқарды. 1998-2002 жылдары Қазақстанның Украинадағы Елшілігінде бірінші хатшы, кейін кеңесші болды. 2002-2003 жылдары Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің Жалпы саяси мәселелер бөлімін, кейін министрлік хатшылығының Талдау бөлімін басқарды. 2003 жылы министрліктің Халықаралық-құқықтық департаментіндегі Халықаралық шарттар басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды. 2003-2007 жылдары Қазақстанның Польша Республикасындағы Елшілігінде кеңесші, 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында бас инспектор, 2008-2009 жылдары сектор меңгерушісі, 2009-2012 жылдары орталық меңгерушісінің орынбасары болды. 2012-2017 жылдары Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығын басқарды. 2017-2022 жылдары Қазақстанның Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. 2018-2022 жылдары Босния және Герцеговина, Черногория елдеріндегі Елші қызметін қоса атқарды. 2022-2024 жылдары Қазақстанның Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.
Қазіргі қызметін 2025 жылғы сәуірден бері атқарып келеді.
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, Жамбыл облысының әкімі
1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заңтану мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, 1999 жылы осы университеттің Экономика және құқық институтында экономика магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасында бас маман қызметін атқарды. 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінде кеңесші, 2002-2003 жылдары «Медикус Центр» бірлескен кәсіпорнында қаржы директоры, Ақтөбе қаласындағы филиал директоры және Батыс өңір бойынша директор болды. 2003-2006 жылдары «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамының Қаржы департаментінің директоры әрі басқарма мүшесі қызметін атқарды. 2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Жиынтық-талдау департаментін басқарды. 2007 жылы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің басқарушы директоры, 2007-2009 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болды. 2010-2012 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болды. 2012-2013 жылдары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының еншілес ұйымы – ҚБТУ Мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институтының бас директоры болды. 2013-2016 жылдары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы, 2019-2021 жылдары «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. 2021 жылы Қаржы вице-министрі, кейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі әрі министрдің міндетін атқарушы болды. 2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2023 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.
Алмат БАБАТОВ, Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы
1979 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары Астана қаласы Әділет департаментінің нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінде жетекші маманның міндетін атқарушы болды. 2002-2003 жылдары Павлодар облысы Әділет басқармасында жетекші және бас маман қызметтерін атқарды. 2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің заңға тәуелді актілерді әзірлеу бөлімінде жетекші маман болды. 2005 жылы министрліктің заңға тәуелді актілерді сараптау басқармасының қорғаныс, құқық тәртібі және сыртқы байланыстар мәселелері жөніндегі актілерді сараптау бөлімінде бас маман қызметін атқарды. 2005-2006 жылдары Астана қаласы соттары әкімшісінің сот орындаушысы, 2006 жылы Астана қалалық сотының бас маманы болды. 2006-2007 жылдары қайтадан Астана қаласы соттары әкімшісінің сот орындаушысы қызметін атқарды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерді қамтамасыз ету бөлімінде бас маман болды. 2007-2008 жылдары ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Кадр жұмысы бөлімінде бас маман қызметін атқарды. 2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақмола, Қарағанды облыстары мен Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясының Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінде бас маман болды. 2009-2013 жылдары Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы, 2013-2017 жылдары Қызылорда облысы Қызылорда қалалық сотының төрағасы қызметін атқарды. 2017-2020 жылдары Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы болды. 2020-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының, 2022-2024 жылдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2024 жылғы шілдеден бері атқарып келеді.
Даниель ВАИСОВ, Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі
1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы «Әділет» заң академиясы – Жоғары құқық мектебін, 2004 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. 2018 жылы Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін алған.
Еңбек жолы: 1999-2002 жылдары «Kazakhstan Legal Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және «ТұранӘлем» банкінде заңгер болып жұмыс істеді. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің, кейін Мемлекеттік кірістер министрлігінің бас маманы қызметін атқарды. 2003-2010 жылдары «Аджип ККО» компаниясында бас заңгер, директордың орынбасары әрі аға заңгер, Лондон қаласындағы Уәкілетті органның техникалық тобында заңгер, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында аға заңгер, бас заңгер және бірінші санатты заңгер болды. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Заң қызметі департаментін басқарды. 2010-2017 жылдары «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды. 2017 жылғы сәуірден 2023 жылғы ақпанға дейін осы серіктестіктің әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры әрі басқарма мүшесі болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Айдарбек ҚОЖАНАЗАРОВ, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, «Respubliсa» партиясының төрағасы
1983 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін халықаралық экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Шотландиядағы Данди университетінде мұнай-газ жобаларын басқару мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2023 жылы Гарвард бизнес мектебінде білім алған.
Еңбек жолы: 2006 жылы БТА Банкінің Islamic Banking басқармасын басқарды. Кейін Дубай қаласындағы БТА Банк өкілдігінің жетекшісі болды. 2009-2015 жылдары «APK Olzha Holding» компаниялар тобына кіретін кәсіпорындарда басшылық қызметтер атқарды. 2015-2016 жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары, 2016-2017 жылдары «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болды. 2017-2023 жылдары «Иволга-Холдинг» және «Олжа Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бас директоры қызметін атқарды. 2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болды.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы тамыздан бері атқарып келеді.
2022 жылы «Құрмет» орденімен, 2017 жылы «Ерен еңбегі үшін», 2020 жылы «Халық алғысы», 2021 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен марапатталған.
Жәнібек ЖАҚАЕВ, Алматы облысы Қонаев қаласының прокуроры
1984 жылы Алматы облысының Талғар қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін және Атырау мұнай және газ институтын тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2007-2022 жылдары Алматы қаласы мен Алматы облысы прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2022-2025 жылдары Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры болды.
Қазіргі қызметін 2025 жылғы қазаннан бері атқарып келеді.